Молдагалиев Жасулан Елжанович
Қостанай облысы бойынша ІМАД басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
1985 жылы Қостанай облысында туылған.
Қарағанды экономикалық университеті, А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген , финансист, заңгер.
Мансап
Жұмыс тәжірибесі:
2006–2009 жылдары – «Тау Маркет Қостанай» ЖШС экспедиторы, Қостанай қаласы.
2010–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Тобыл-Торғай облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлімінің бас маманы – бас инспекторы, Қостанай қаласы.
2011–2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының № 4 бақылау бөлімінің бас маманы – бас бақылаушы-тексерушісі, Қостанай қаласы.
2016–2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу аудиті бөлімінің басшысы, Қостанай қаласы.
2018–2019 жылдары – «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық басқармасы басшысының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қостанай қаласы.
2019–2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шағымдарды қарау орталығы басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы.
2020 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, Павлодар қаласы.
2021–2026 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, Қостанай қаласы.
2026 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.