ҚР БП Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің Талдау жүргізу басқармасының 1-Бөлімінің бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

323914

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Экономика
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Бухгалтерлік есеп және салық салу

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға; Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарауға; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Бас прокуратураның және Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Басқармаға орындауға келіп түскен өзге де құжаттарды уақтылы және сапалы орындауға; Лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; Қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға; Қызметтік әдеп нормаларын сақтауға; Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; Бас прокуратураның ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауға; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге; Азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған мәліметтерді құпия сақтауға және заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) жүктелген міндеттер шегінде заңсыз сатып алынған активтерді анықтауға және мемлекетке қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға; Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына, активтердің заңсыз шығарылуына және олардың салдарын жоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға; Заңға сәйкес тізілімге енгізілген адамдарға қосымша сұрау салулар дайындауға; Мыналарды: - активтерді заңсыз шығару сұлбасына тартылған тұлғалар тобын, сондай-ақ үлестес және өзге де тұлғалар тобын;- тізілімге енгізілуге жататын тұлғалар активтерінің жиынтық мөлшерін;- активтерді заңсыз сатып алу, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару белгілері мен мән-жайларын;- тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында экономикалық ресурстардың шоғырлануының себептерін, шарттары мен жағдайларын;- активтерді қайтару стратегияларын дайындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтау мақсатында заңсыз шығарылған активтер туралы ақпаратты іздеуді, жинауды, өңдеуді, жинақтауды, бағалауды жүзеге асыруға;Мұнай-газ, банк, монополияға қарсы, салық, аудиторлық және басқа да салалардағы, оның ішінде цифрлық валюталар мен бағалы қағаздар бойынша заңнамаға талдау жүргізуге қатысуға; Құжаттар мен келісімшарттарға, оның ішінде сатып алу-сату, жеткізу шарттарына, мердігерлік келісімдерге, лицензиялық келісімдерге, талап ету құқықтарын басқаға беруге заңды (құқықтық) талдау жүргізуге қатысуға; Заңды (құқықтық) аудит жүргізуге және мүліктік кешенді, активтер мен заңды тұлғаларды бағалауға қатысуға; Кеден саласында зерттеу жүргізуге қатысуға; Мәмілелер және басқа келісімдер бойынша келіссөздерге құжаттарды дайындауға қатысуға; Экономиканың түрлі салалары мен секторларында, қаржы нарығының сегменттерінде қылмыстық сұлбаларды анықтау үшін қатысуға; Заңды және жеке тұлғалар жүргізетін (жасаған) қаржылық операцияларды талдауға; Күдік белгілері бар және талдау жүргізу барысында анықталуға жататын талдамалық материалдарды дайындауға; Ашық көздер бойынша тергеп-тексеру (мониторинг және талдау) жүргізуге; Активтерді иеленетін немесе бақылайтын активтер мен тұлғалар арасындағы корпоративтік, нақты және өзге де сұлбаларды, байланыстарды және активтерді қайтаруға бағытталған одан әрі жұмысты жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты белгілеуге қатысуға; Заңсыз сатып алынған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестерге материалдар дайындауға; Заңсыз сатып алынған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару халықаралық тәжірибесі мен тәжірибесін зерделеуге; Өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысуға; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге активтерді заңсыз сатып алу, иелену және шығару саласындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі мен даму үрдістерін талдау, Заңда көзделген тәртіппен активтерді қайтару саласындағы стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауға; Заңда көзделген тәртіппен активтерді қайтару туралы заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорытындылауға; Өз өкілеттігі шегінде Комитеттің жоғары тұрған лауазымды адамдары жүктеген өзге де функционалдық міндеттерді орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.06.2025 – 27.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

г.Астана, проспект Мангилик ел, 14 (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717 2) 30 -16 -37 

8 (717 2 ) 30 - 19 - 67

+7 705 102 41 88 WhatsApp