ҚР БП Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің Мониторинг жүргізу басқармасының 1-Бөлімінің бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті
Астана қаласы
323914
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Экономика
- Есеп және аудит
- Бағалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Бухгалтерлік есеп және салық салу
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға; Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарауға; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Бас прокуратураның және Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Басқармаға орындауға келіп түскен өзге де құжаттарды уақтылы және сапалы орындауға; «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) жүктелген міндеттер шегінде заңсыз сатып алынған активтерді анықтауға және мемлекетке қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға; Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына, активтердің заңсыз шығарылуына және олардың салдарын жоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға; Заңға сәйкес тізілімге енгізілген адамдарға қосымша сұрау салулар дайындауға; Мыналарды:- активтерді заңсыз шығару сұлбасына тартылған тұлғалар тобын, сондай-ақ үлестес және өзге де тұлғалар тобын;- тізілімге енгізілуге жататын тұлғалар активтерінің жиынтық мөлшерін;- активтерді заңсыз сатып алу, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару белгілері мен мән-жайларын;- тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында экономикалық ресурстардың шоғырлануының себептерін, шарттары мен жағдайларын;- активтерді қайтару стратегияларын дайындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтау мақсатында заңсыз шығарылған активтер туралы ақпаратты іздеуді, жинауды, өңдеуді, жинақтауды, бағалауды жүзеге асыруға; Мұнай-газ, банк, монополияға қарсы, салық, аудиторлық және басқа да салалардағы, оның ішінде цифрлық валюталар мен бағалы қағаздар бойынша заңнамаға талдау жүргізуге қатысуға; Құжаттар мен келісімшарттарға, оның ішінде сатып алу-сату, жеткізу шарттарына, мердігерлік келісімдерге, лицензиялық келісімдерге, талап ету құқықтарын басқаға беруге заңды (құқықтық) талдау жүргізуге қатысуға; Заңды (құқықтық) аудит жүргізуге және мүліктік кешенді, активтер мен заңды тұлғаларды бағалауға қатысуға; Кеден саласында зерттеу жүргізуге қатысуға; Мәмілелер және басқа келісімдер бойынша келіссөздерге құжаттарды дайындауға қатысуға; Экономиканың түрлі салалары мен секторларында, қаржы нарығының сегменттерінде қылмыстық сұлбаларды анықтау үшін қатысуға; Заңды және жеке тұлғалар жүргізетін (жасаған) қаржылық операцияларды талдауға; Күдік белгілері бар және талдау жүргізу барысында анықталуға жататын талдамалық материалдарды дайындауға; Ашық көздер бойынша тергеп-тексеру (мониторинг және талдау) жүргізуге; Активтерді иеленетін немесе бақылайтын активтер мен тұлғалар арасындағы корпоративтік, нақты және өзге де сұлбаларды, байланыстарды және активтерді қайтаруға бағытталған одан әрі жұмысты жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты белгілеуге қатысуға; Заңсыз сатып алынған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестерге материалдар дайындауға; Заңсыз сатып алынған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару халықаралық тәжірибесі мен тәжірибесін зерделеуге; Өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысуға; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге активтерді заңсыз сатып алу, иелену және шығару саласындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі мен даму үрдістерін талдау, Заңда көзделген тәртіппен активтерді қайтару саласындағы стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауға; Заңда көзделген тәртіппен активтерді қайтару туралы заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорытындылауға; Өз өкілеттігі шегінде Комитеттің жоғары тұрған лауазымды адамдары жүктеген өзге де функционалдық міндеттерді орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Астана, проспект Мангилик ел, 14 (онлайн)
-
8 (717 2) 30 - 16 - 37
8 (717 2) 30 - 19 - 67
+7 705 102 41 88 WhatsApp