ҚР БП Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарауға; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Бас прокуратураның және Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Басқармаға орындалуға келіп түскен өзге де құжаттарды уақтылы және сапалы орындауға; Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; Бас прокуратураның ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауға; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге; Комитет, мүдделі мемлекеттік органдар және жеке сектор өкілдерінің іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге; Активтерді қайтару саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпараттық алмасуды қамтамасыз етуге; Комитет басшылығының жұмыс топтарының жұмысына, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің пленарлық және сессияаралық отырыстарына қатысуын қамтамасыз етуге (шетелдік іссапарларды ресімдеу, материалдарды дайындау); Халықаралық ұйымдар мен активтерді қайтару саласындағы бірлестіктер қабылдаған құжаттардың жобаларын қарау және мемлекеттік органдармен келісуге; Активтерді қайтару саласындағы халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердегі ынтымақтастықтың тұжырымдамалық бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен келісілген ұсыныстар енгізуге; Комитет басшылығына Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп халықаралық іс-шараларға қатысу үшін материалдар дайындауға, сондай-ақ Басқарманың құзыреті шегінде осындай іс-шараларды ұйымдастыруға және қатысуға; Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымымен (ЕҚЫҰ), Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ҮЕҰ) және басқа да халықаралық ұйымдар мен бірлестіктермен активтерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға; Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және активтерді қайтару саласындағы бірлестіктермен жасасатын халықаралық шарттарды әзірлеу және іске асыруға қатысуға; Активтерді қайтару саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ведомствоаралық келісімдер мен меморандумдардың орындалуына мониторинг әзірлеу, келісу және жүргізуге; Активтерді қайтару саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге; Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің активтерді қайтару саласындағы қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу, олармен тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге; Активтерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен жұмыс кездесулерін, семинарларды, тренингтер мен дөңгелек үстелдерді, оның ішінде бейнеконференцбайланыс режимінде ұйымдастыру және қатысуға; Халықаралық тәжірибе мен активтерді қайтарудың тәжірибесін зерделеу, талдау, жинақтау және қорытындысы бойынша Басқарманың құзыреті шегінде ұсыныстар әзірлеуге; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен және бірлестіктермен өзара іс-қимылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің елшіліктерімен, дипломатиялық және консулдық мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруға; Басқарма қызметкерлері мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары мен ақпараты негізінде Басқарманың қызметі туралы есептердің жобаларын және Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастыруға; Өз өкілеттігі шегінде Комитеттің жоғары тұрған лауазымды адамдары жүктеген өзге де функционалдық міндеттерді орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.06.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.06.2025 – 26.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 14

Анықтама алу үшін байланыс

8 717 2 30 16 37 

8 717 2 30 19 67

8 705 102 41 88 WhatsApp