Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің Тексерулер жүргізу басқармасының 1-Бөлімінің бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Қосымша талаптар

Знание английского языка

Функционалды міндеттер

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Бас прокуратураның және Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Басқармаға орындауға келіп түскен өзге де құжаттарды уақтылы және сапалы орындау.  Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау.   Бас прокуратураның ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету. Азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған мәліметтерді құпия сақтауға және заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге. «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) жүктелген міндеттер шегінде заңсыз сатып алынған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына, активтердің заңсыз шығарылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау және жою және олардың салдарын жоюға. Активтерді қайтаруды қамтамасыз етуге бағытталған активтің сатып алу (шығу тегі) көздерінің аудитін, ревизиясын, заңдылығын тексеруді бастамашылық етуге.  Заңға сәйкес тізілімге енгізілген адамдарға қосымша сұраулар дайындауға. Мыналарды:

- активтерді заңсыз шығару сұлбасына тартылған тұлғалар тобын, сондай-ақ үлестес және өзге де тұлғалар тобын;

- тізілімге енгізілуге жататын тұлғалар активтерінің жиынтық мөлшерін;

- активтерді заңсыз сатып алу, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару белгілері мен мән-жайларын;

- тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің тиісті нарығында экономикалық ресурстардың шоғырлануының себептерін, шарттарын мен жағдайларын;

- активтерді қайтару стратегияларын дайындау үшін қажетті өзге де мәліметтер анықтау мақсатында заңсыз шығарылған активтер туралы ақпаратты іздеуді, жинауды, өңдеуді, жинақтауды, бағалауды жүзеге асырады;

Мұнай-газ, банк, монополияға қарсы, салық, аудиторлық және басқа да салалардағы, оның ішінде цифрлық валюталар мен бағалы қағаздар бойынша заңнамаға талдау жүргізуге қатысуға. Құжаттар мен келісімшарттарға, оның ішінде сатып алу-сату, жеткізу шарттарына, мердігерлік келісімдерге, лицензиялық келісімдерге, талап ету құқықтарын басқаға беруге заңды (құқықтық) талдау жүргізуге қатысуға. Заңды (құқықтық) аудит жүргізуге және мүліктік кешенді, активтер мен заңды тұлғаларды бағалауға қатысуға. Кеден саласында зерттеу жүргізуге қатысуға. Мәмілелер және басқа келісімдер бойынша келіссөздерге құжаттарды дайындауға қатысуға. Экономиканың түрлі салалары мен секторларында, қаржы нарығының сегменттерінде қылмыстық сұлбаларды анықтауға. Экономиканың түрлі салалары мен секторларында, қаржы нарығының сегменттерінде қылмыстық сұлбаларды анықтауға қатысуға. Күдік белгілері бар және талдау жүргізу барысында анықталуға жататын талдамалық материалдарды дайындауға. Ашық көздер бойынша тергеу (мониторинг және талдау) жүргізуге. Активтерді иеленетін немесе бақылайтын активтер мен тұлғалар арасындағы корпоративтік, нақты және өзге де сұлбаларды, байланыстарды және активтерді қайтаруға бағытталған одан әрі жұмысты жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты белгілеуге қатысуға. Активтердің қалыптасуының (сатып алынуының), шығу тегінің, өсуінің заңдылығын тексеруге немесе қайта тексеруге, мәліметтер мен дәлелдемелерге талдау және бағалау жүргізуге қатысуға. Заңнамада белгіленген тәртіппен субъектілерден және (немесе) олардың үлестес тұлғаларынан, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан қосымша ақпарат талап етуге, активтерді сатып алу (шығу тегі) көздерінің заңдылығына тексеру жүргізуге және өзге де іс-шараларға. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып, активтің сатып алу (шығу тегі) көздерінің заңдылығына жүргізілетін тексеру мәселелері бойынша мәліметтер мен құжаттарды, материалдарды, қосымша материалдарды талап етуге және алуға. Активтерді ерікті түрде беру рәсімі барысында Заң субъектілерінен, олардың үлестес тұлғаларынан, сондай-ақ тізілімге енгізілмеген өзге де тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға. Заңсыз сатып алынған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестерге материалдар дайындауға. Заңсыз сатып алынған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару халықаралық тәжірибесі мен тәжірибесін зерделеуге. Өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысуға. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге активтерді заңсыз сатып алу, иелену және шығару саласындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі мен даму үрдістерін талдау, Заңда көзделген тәртіппен активтерді қайтару саласындағы стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауға. Заңда көзделген тәртіппен активтерді қайтару туралы заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорытындылауға. Өз өкілеттігі шегінде Комитеттің жоғары тұрған лауазымды адамдары жүктеген өзге де функционалдық міндеттерді орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.02.2025 – 26.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.03.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәнгілік Ел даңғылы, 14 (Онлаин)

Анықтама алу үшін байланыс

8 717 2 30 16 30 

8 705 102 41 88 Whats"App