Мониторинг талдау және тексерулер Басқарманың бөлімінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 1бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Математика және статистика
  • Информатика
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Инновациялық менеджмент
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Менеджмент және басқару
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Банк және сақтандыру ісі
  • Бухгалтерлік есеп және салық салу
  • Мемлекеттік сатып алу менеджері
  • Банк операцияларының менеджері
  • Мемлекеттік аудит
  • Стандарттау
  • Есептеу техникасы және ақпараттық желілер
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Функционалды міндеттер

Бағытына қарай:

- анықтау мақсатында заңсыз шығарылған активтерді  айқындау мақсатында ақпараттарды іздеуді, жинақтауды, өңдеуді, қорытуды, бағалауды жүзеге асырады:

1) активтерді заңсыз шығару схемасына тартылған тұлғалар тобын, сондай-ақ үлестес және өзге де тұлғалар тобын;

2) тізілімге енгізілуге жататын тұлғалар активтерінің жиынтық мөлшерін;

3) активтерді заңсыз иемдену, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығару белгілері мен мән-жайларын;

4) тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында экономикалық ресурстарды шоғырландыру себептерін, жағдайлары мен мән-жайларын;

5) активтерді қайтару стратегияларын дайындауға қажетті өзге де мәліметтер,

- мұнай-газ, банк, монополияға қарсы, салық, аудиторлық және басқа да салалардағы, оның ішінде цифрлық валюталар мен бағалы қағаздар бойынша заңнамаға талдау жүргізу;

- бухгалтерлік құжаттамамен жұмыс;

- құжаттар мен келісімшарттарға, оның ішінде сатып алу-сату, жеткізу шарттарына, мердігерлік келісімдерге, лицензиялық келісімдерге, талап ету құқықтарын басқаға беруге заңдық талдауды дайындау;

- заңды тұлғаның корпоративтік құжаттарымен жұмыс;

- мүліктік кешеннің, активтердің және заңды тұлғалардың заңды аудитін жүргізу;

- мәмілелер және басқа келісімдер бойынша келіссөздерге қатысу;

- экономиканың түрлі салалары мен секторларында, қаржы нарығының сегменттерінде қылмыстық схемаларды анықтау;

- заңды және жеке тұлғалар жүргізетін (жасаған) қаржылық операцияларға талдау жүргізу;

- күдік белгілері бар және талдау жүргізу барысында анықталуға жататын талдамалық материалдарды дайындау;

- ашық көздер бойынша тергеу жүргізу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2024 – 01.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу күні

04.05.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ , Мәңгілік ел.14 даңғ

Анықтама алу үшін байланыс

+7 (7172) 30-19-00