5. Аппараттың бас сарапшысы-бухгалтер, С-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Комитеттің қаржылық мәселелерін жоспарлау және ұйымдастыру, оның ішінде бухгалтерлік, статистикалық және салықтық есептілікті белгіленген мерзімде уақтылы жасау және ұсыну. Қаражаттың тиімді және мақсатты жұмсалуын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін бақылау. Кассалық және нақты шығыстарды есепке алу, бухгалтерлік құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру.

3 жылдық кезеңге арналған бюджеттің жиынтық жобасын, алдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасау және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Кассалық операцияларды жүргізу. Есеп айырысу шотындағы қаражаттың қозғалысы және валюта қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу. Іссапар және шығыстардың басқа түрлері бойынша қызметкерлердің аванстық есептерін тексеру және өңдеу. Қызметкерлерге жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу. Негізгі құралдар мен қорларды есепке алу, өнім берушілермен есеп айырысу. Салықтық және статистикалық есептілікті жасау.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.12.2023 – 04.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 1024 мб

Сұхбаттасу орны

Астана қ, Мәнгілік ел , 14, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті

Анықтама алу үшін байланыс

30-19-00