Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Экономика және менеджмент
- Құқықтану
Функционалды міндеттер
- шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен активтерді қайтару саласында өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу;
- активтерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын және іс-шараларын әзірлеуде және жүзеге асыруда Комитеттің қатысуын қамтамасыз ету;
- активтерді қайтару бойынша халықаралық тәжірибе мен практиканы зерделеу;
- активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
- активтерді қайтару саласындағы халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысу, олармен тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- халықаралық байланыстар бойынша жұмысты талдау, халықаралық шарттарды ратификациялау бойынша деректер базасын жүргізу;
- халықаралық конференциялардың, семинарлардың тақырыбы мен бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
- Комитеттің халықаралық іс-шараларын дайындауға және өткізуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
7170973@prokuror.kz
- 08.01.2024
- Астана қ, Мәнгілік ел , 14, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті
-
30-19-00