Мониторинг, талдау және тексерулер басқармасы Мониторингтеу, талдау, және тізіліммен жұмыс бөлімінің бас сарапшысы, С-4 санаты ( 2 бірлік)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Математика және статистика
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Кадастр
- Бағалау
- Қаржы
- Жобаны басқару
- Инновациялық менеджмент
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
- Менеджмент және басқару
- Банк және сақтандыру ісі
- Бухгалтерлік есеп және салық салу
- Мемлекеттік сатып алу менеджері
- Банк операцияларының менеджері
- Стандарттау
- Құқықтану
Функционалды міндеттер
- анықтау мақсатында заңсыз шығарылған активтерді айқындау мақсатында ақпараттарды іздеуді, жинақтауды, өңдеуді, қорытуды, бағалауды жүзеге асырады:
1) активтерді заңсыз шығару схемасына тартылған тұлғалар тобын, сондай-ақ үлестес және өзге де тұлғалар тобын;
2) тізілімге енгізілуге жататын тұлғалар активтерінің жиынтық мөлшерін;
3) активтерді заңсыз иемдену, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығару белгілері мен мән-жайларын;
4) тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында экономикалық ресурстарды шоғырландыру себептерін, жағдайлары мен мән-жайларын;
5) активтерді қайтару стратегияларын дайындауға қажетті өзге де мәліметтер,
- мұнай-газ, банк, монополияға қарсы, салық, аудиторлық және басқа да салалардағы, оның ішінде цифрлық валюталар мен бағалы қағаздар бойынша заңнамаға талдау жүргізу;
- бухгалтерлік құжаттамамен жұмыс;
- құжаттар мен келісімшарттарға, оның ішінде сатып алу-сату, жеткізу шарттарына, мердігерлік келісімдерге, лицензиялық келісімдерге, талап ету құқықтарын басқаға беруге заңдық талдауды дайындау;
- заңды тұлғаның корпоративтік құжаттарымен жұмыс;
- мүліктік кешеннің, активтердің және заңды тұлғалардың заңды аудитін жүргізу;
- мәмілелер және басқа келісімдер бойынша келіссөздерге қатысу;
- экономиканың түрлі салалары мен секторларында, қаржы нарығының сегменттерінде қылмыстық схемаларды анықтау;
- заңды және жеке тұлғалар жүргізетін (жасаған) қаржылық операцияларға талдау жүргізу;
- күдік белгілері бар және талдау жүргізу барысында анықталуға жататын талдамалық материалдарды дайындау;
- ашық көздер бойынша тергеу жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 08.01.2024
- Астана қ, Мәнгілік ел , 14, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті
-
30-19-00