“Жас сақшы” полиция сыныптарының оқушылары арасында “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен шағын футболдан жарыс өтті.

“Жас сақшы” полиция сыныптарының оқушылары арасында “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен шағын футболдан жарыс өтті.

2024 жылы қыркүйектің 18 күні Шығыс Қазақстан Облысы Зайсан қаласында “Жас сақшы” полиция сыныптарының оқушылары арасында “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен шағын футболдан жарыс өтті.
Мақсаты:
* салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту;
* ⁠жасөспірімдер арасында нашақорлықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу;
* ⁠аудан мен қала арасындағы достықты нығайту;
* ⁠”Жас сақшы” кадет сыныптарының достығын нығайту.
Аталған жарысқа Күршім ауданының Ю. Гагарин атындағы #1 орта мектебінің ҰОС және Ішкі істер органының ардагері, милиция полковнигі Құрмат Рахимовтың құрметіне ашылған “Құрмат Рахимов атындағы “Жас сақшы”-5 сынып оқушылары қатысып жүлделі 1 орынды иеленді. Жас футболшыларды жеңісімен құттықтаймыз.