«Lesson Study» зерттеу жұмыстары

«Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ ұстаздары Жумажанова М.С.,Темиргалиева А.Е., Магауянова Г.Е. 26-28 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін «WALS 2024» халықаралық конференциясына қатысу мақсатында жіберген «Lesson Study» зерттеу жұмыстарының абстрактісі қабылданып, конференцияда жұмыстарын ұсынуға жолдама алды. Осы ретте білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев жеке қабылдауында зерттеу жұмысының нәтижесімен танысып, оң бағасын берді. Әріптестерге сәттілік тіледі!