Облыстық тамыз конференциясы 2023

АББ басшысы Б.Елеубаев, бөлім әдіскерлері, мекеме басшылары, кәсіподақ төрағасы, ата-аналар комитеті облыстық "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында облыс әкімі Е.Көшербаевтың қатысуымен өткен тамыз конференциясына қатысты. Конференция барысында өткен оқу жылы қорытыдыланып, талданып, жаңа оқу жылына мақсат-міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан НОМ 42 жылдық еңбек өтілі бар, ардагер ұстаз Г.Мұқаева "Еңбек ардагері" медалімен, Теректібұлақ ОМ ұстазы Б.Мажиков оқу ағарту министірлігінің "Алғыс хатына" ие болса, №1 Күршім орта мектебі "Үздік ұйым 2023" атағын жеңіп алды.