Алғашқы қоңырау

2022 жылдың 1 қыркүйек күні Күршім ауданының Білім бөліміне қарасты барлық білім ордаларында Білім күніне арналған салтанатты түрде Алғашқы қоңырау сыңғырлады. 1 қыркүйек-Білім күні -Балалар жылына арналған "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриоизм" тақырыбымен өткізілді. Биылғы жылы.Еліміздің Рәміздеріне 30 жыл толуына орай Мемлекеттік Гимн орындалып,көк байрағымыз тұғырдан биікке көтерілді. Салтанатты жиыннан соң барлық сыныптарда "Білімге ұмтылу ,еңбексүйгіштік және патриотизм " тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.Сонымен қатар оқушылар арасында Республикалық "Менің жазғы саяхатым" " Менің мектептегі алғашқы күнім" тақырыбында онлайн бейнероликтер акциясы өткізілді.