Күршім ауданы бойынша 22 мектеп қызмет етеді, оның 11- орта, 9- негізгі орта мектептер, 2 - бастауыш мектеп - бөбекжай – балабақша кешені.
Барлық мектептерде мектеп асханасы бар. 22 мектеп асханасының ішінде бес асхана (Сарыөлең, №1 Күршім,№4 Күршім,№3 Күршім және № 5 Күршім орта мектептері) ЖК «Алишер» жалға алып отыр, қалған мектеп асханаларында мектеп аспазшы бірлігі бар.
Аудан мектептерінде 1400 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған 1-4 бастауыш сыныптары 913 оқушы, 5-11 сынып оқушылары 487.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының №302 бұйрығының 103 тармақшасына өзгеріс еңгізілуіне байланысты ата-аналардан, білім беру ұйымдары тарапынан ас мәзіріне наразылық туындады. Бүгінгі таңда облыс бойынша құрамында мердігерлер бар жұмыс тобы құрылып, ас мәзірі қайта қаралуда. Бүгінгі күнде мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері 2024-2025 оқу жылында бекітілген ас мәзірімен тамақтануда. Ауданда тамақ шығыны бір балаға орта бағамен 650-700 теңгены құрайды.
«Мектеп асханасы» жобасын іске асыру мақсатында құрылған бұйрықпен мониторинг жасауды ұйымдастыру бойынша Ведомствоаралық сараптамалық топтың құрамымен мектеп асханалары тексерілді.
Тексерілген барлық мектептің ас мәзірі 10 күнге арналған, жас талабына сай жасалған. Тамақ сапасын мектеп медбикесі тарапынан күнделікті тексеріліп, брокераж журналына тіркеледі, тәуліктік сынама 48 сағатқа сақталады. Тамақтану пікірін жазу журналы бар. Мектеп әкімшілігі тарапынан тамақтану жағдайы тексеріліп, журналға тіркеледі. Шикізатты сақтау технологиясы бақылауға алынған.
Балалардың әрқайсысында гигиеналық пакеттері бар, барлығы қай уақытта тамақтанатынын біледі. Барлық жұмысты ұйымдастыру мектеп әкімшілігінің бақылауына алынған. Mектепте оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырып дайындау үшін асханаға қажетті жабдықтар, техникалық электроприборлар, ыдыс-аяқтар толық жеткілікті. Санитарлық, гигиеналық жағдайы талапқа сай. Асханалардың төлқұжаты бар, тамақ ұйымдастыру рұқсат етілген. Маман аспаздар жұмыс істейді, арнайы киімдері бар, мектеп азпазшылары дәрігерлік бақылаудан өткен және санитарлық кітапшалары бар. Айына бір рет мектеп асханасына комиссия мүшелері тексеру жүргізеді.