Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: аудандық бюджетті қалыптастыруға, бекітуге және орындалуын бақылауға қатысу; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау, олардың орындалуы туралы есептерді бекіту. Комиссияның қорытындыларын шығару; бюджет қаражаттарын үнемдеу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды аудандық мәслихат сессиясына енгізу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; бюджет, экономика, өңірлік даму проблемалары бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген мәжілістері түріндегі көпшілік тыңдауларды өткізу; өзінің аудандық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру.
Төрағасы: Потанина Надежда Александровна – Күршім кәсіпкерлер палатасының директоры;
Комиссия мүшелері:
Айкенев Тимур Калимжанович,Тердыкбаев Кайрат Сапиолданович, Ақылбекұлы Рауан,Толебаев Жандос Токтарбаевич.