Кәсіптерге қол жетімділік жайлы айтқанда, оларды ер адамдар не әйелдер деп бөліп-жару дұрыс емес – Эльвира Азимова

Кәсіптерге қол жетімділік жайлы айтқанда, оларды ер адамдар не әйелдер деп бөліп-жару дұрыс емес – Эльвира Азимова

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова «Болашақтың іргетасын қалаушы: еңбек саласындағы әйелдер» атты конференцияға қатысып, сөз сөйледі. Бұл шараны «ASMAR Қазақстан әйелдер кәсіпкерлерінің ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі ұйымдастырды.

Шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың, әйелдер бизнес-қоғамдастықтары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Эльвира Азимова соңғы жылдары әйелдердің жаңа кәсіптер мен салаларды меңгеріп, белсенді түрде игеріп жатқанын атап өтті.

«Конституциялық Сот өз жұмысын бастаған күннен бастап, теңдік, әділдік және барлық адамдардың қадір-қасиеті саясатын ұстанып келеді. Қазақстанның ерлер мен әйелдерге тең құқықтар мен мүмкіндіктер беру жолы дұрыс және біздің мәдениетіміз бен қоғамдық құндылықтарымызбен расталады. Кәсіптер жайлы айтқанда, оларды ер адамдар не әйелдер деп бөліп-жару дұрыс емес, бұл жерде басты назарды біліктілікке, тәжірибеге, жаңа білімдерді игеруге, жаңа идеялар мен жобаларды дамытуға деген ұмтылысқа және дайындыққа аудару қажет», – деді Төраға.

Азимова сондай-ақ қатысушыларды БҰҰ Бас Ассамблеясының Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы қарар қабылдауымен құттықтады, оның негізінде Гендерлік білім орталығы құрылады.