Конституциялық Сот бұрын тексерілген нормаларды қайта қараудан бас тартты

Конституциялық Сот бұрын тексерілген нормаларды қайта қараудан бас тартты

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотқа мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге құпия мәліметтерді қамтитын құжаттарды алуды және көшірмелерін жасауды шектеу бөлігінде Қылмыстық-процестік кодекстің 64, 70 және 296-баптары ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.

Конституциялық Сот аталған нормалар бұған дейін тексерілгенін және тексеру қорытындысы бойынша 2024 жылғы 4 мамырдағы № 43-НҚ нормативтік қаулы қабылданғанын атап өтті.
Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдары мен шешімі баяндалған осы қорытынды шешіммен сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/656392?lang=kk арқылы танысуға болады.

Алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша өтініш берушіге дауланып отырған нормаларды қайта тексеруден бас тартылды.