Конституциялық Сотта азамат сот үкімін даулауға тырысты

Конституциялық Сотта азамат сот үкімін даулауға тырысты

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотқа азамат Қылмыстық-процестік кодекстің 662-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішпен жүгінді.

Өтініш берушінің пікірінше, аталған норма алқабилердің қатысуымен шығарылған ақтау үкімдерін қайта қарауға мүмкіндік бере отырып, барлық азаматтардың заң мен сот алдында теңдігі жөніндегі конституциялық қағидатты бұзады және азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу құқығын шектейді. Бұл ретте тексеру үшін дәлел ретінде өтініш беруші қайта қаралған үкіммен өзінің келіспейтіндігін көрсетіп, сот бағалаған нақты мән-жайларды келтірді.

Осыған байланысты Конституциялық Сот өтініш берушіге нақты мән-жайларды қарау мен бағалау соттар мен мемлекеттік органдардың қарауына жататынын, сондықтан НҚА нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін негіз болып табылмайтынын еске салды.

Қызмет бағыты