Конституциялық Сот төрт азаматқа кассациялық тәртіппен қайта қарауға шектеулер белгілейтін Азаматтық процестік кодекстің нормасын қайта тексеруден бас тартты

Конституциялық Сот төрт азаматқа кассациялық тәртіппен қайта қарауға шектеулер белгілейтін Азаматтық процестік кодекстің нормасын қайта тексеруден бас тартты

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Cотқа Азаматтық процестік кодекстің 434-бабы екінші бөлігі 3) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен төрт азамат жүгінді.

Кодекстің аталған нормасы талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты істер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға шектеу белгілейді.

Конституциялық Сот бұған дейін осы норманың Конституцияға сәйкестігін тексергенін және құқықтық ұстанымдары мен тексеру қорытындысы бойынша шешімі жария етілген 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-НП нормативтік қаулысын қабылдағанын атап өтті.

Конституциялық Сот бұл нормативтік қаулы өзінің заңды күшін сақтайтынын атап өтті.