Костенко шахтасында орын алған жарылыстың қайғылы салдарына байланысты көңіл айту

Костенко шахтасында орын алған жарылыстың қайғылы салдарына байланысты көңіл айту

Конституциялық Сот Қарағанды облысы Костенко шахтасында орын алған жарылыстың қайғылы салдарына байланысты қайғырып көңіл айтады.

Адам және оның өмірі - ең жоғары құндылық. Мұндай қайғылы оқиғалар мен жауапты органдардың тиісті шараларды қабылдамауы азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға алып келеді.

Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қолдау сөздерін білдіреміз, зардап шеккен шахтерлердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Жер астында қалған адамдар құтқарылып, жақындарына оралады деп үміттенеміз.