Джакартада (Индонезия) Азия аймағының мемлекеттік даму тарихындағы конституциялық сот төрелігінің эволюциялық рөлі талқыланды

Джакартада (Индонезия) Азия аймағының мемлекеттік даму тарихындағы конституциялық сот төрелігінің эволюциялық рөлі талқыланды

Конституциялық Сот Төрағасы бастаған қазақстандық делегация 2023 жылғы 9-11 тамызда Джакартада Индонезия Республикасының Конституциялық соты ұйымдастырған сот төрағаларының халықаралық форумына (ICJGF) қатысты.

«Конституциялық юрисдикциялар арқылы демократияны нығайту: өткені, бүгінгісі және болашағы» форумының жұмысына Индонезия, Алжир, Әзірбайжан, Қазақстан, Оңтүстік Африка, Моңғолия, Ангола, Намибия, Корея, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Таиланд, т.б. конституциялық (жоғары) соттарының делегацияларын қоса алғанда, әлемнің 30-дан астам елінен келген делегациялар қатысты.

Халықаралық форумға қатысушылар конституциялық юрисдикциялар арқылы демократияны нығайтудың өзекті мәселелері мен болашақ бағытын, сондай-ақ мемлекеттік даму тарихындағы конституциялық сот төрелігінің эволюциялық рөлін талқылады. Делегациялар Азия аймағында конституционализм мен құқық үстемдігін ілгерілетудегі озық идеялармен бөлісті.

Эльвира Азимова өз сөзінде адам құқықтарын қорғау әділетті және демократиялық қоғамның негізгі қағидаттарының бірі болып табылатынын және конституциялық бақылау органы осы құқықтардың орындалуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақстанның Конституциялық Соты басшысы қатысушыларды өз жұмысын 2023 жылғы қаңтарда жаңартылған форматта бастаған органның 7 ай ішіндегі қызметі туралы, азаматтар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Бас прокурор билік субъектілерімен қатар осы органға ел Конституциясының заңдарға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеру мәселелері бойынша тікелей жүгіну құқығына ие болғаны туралы хабармен таныстырды.

Қорытындылай келе, ол барлық конституциялық соттардың және конституциялық бақылаудың басқа да баламалы органдарының біріктіруші міндеті – құқық үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, оның ішінде жаһандық және өңірлік сын-қатерлерді ескере отырып, мемлекет пен қоғамның мүдделері арасындағы ақылға қонымды құқықтық балансты қамтамасыз ету екенін атап өтті.