Конституциялық Сот және Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығы ынтымақтастық туралы келісті
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова мен КС Аппаратының басшылығы «Сот әкімшілігі тәуелсіз сот төрелігі үшін: әлемдік стандарттар және үздік тәжірибелер» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға келген Қазақстанға жұмыс сапары аясында Сот әкімшілігі бойынша халықаралық қауымдастық (СӘХҚ) Президенті Пальма Луис Мариямен кездесу өткізді.
Азимова қонақты конституциялық бақылау органы қызметінің негізгі бағыттары туралы, Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың бес айдағы жай-күйі, қоғамның заңнаманы жетілдіруге қатысуы туралы хабардар етті.
Әңгімелесу барысында конституциялық іс жүргізу кезінде судьялардың жұмысын ұйымдастыруда сот әкімшілігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Өз кезегінде, Пальма Луис Мария халықаралық деңгейде сот әкімшілігі жүйесін жетілдірудегі тәжірибесімен бөлісіп, жұмыстың негізгі принциптерін атап өтті, атап айтқанда судьялардың ағартушылық қызметін күшейту, үздік тәжірибелерді үздіксіз оқыту және сот төрелігіне қол жеткізуге оң әсер ететін процестердің ашықтығы жайында өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар толық өзара түсіністік пен әлеуетті арттыруға, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберінде сараптамалық қолдау көрсету мақсатында Конституциялық Соттың қызметкерлері үшін тренингтер ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.