Конституциялық Кеңестің бұрын қабылданған нормативтік қаулысының кейбір ережелеріне түсіндірме беру туралы Конституциялық Соттың қосымша шешімі

Конституциялық Кеңестің бұрын қабылданған нормативтік қаулысының кейбір ережелеріне түсіндірме беру туралы Конституциялық Соттың қосымша шешімі

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық Заңының 60-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі өкілінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау тәртібіне қатысты қолданыста ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысының 2 және 4-тармақтарына түсіндірме беруді сұрау бойынша өтінішхаты келіп түсті.

Конституциялық Сот Конституциялық Кеңестің аталған нормативтік қаулысының қарар бөлігінің 2 және 4-тармақтарының ережелерін негізге ала отырып, қосымша шешім қабылдады.

Нормативтік қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/471971?lang=kk