Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс
2022 жылғы 14 желтоқсанда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Іс-шараны аша отырып, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми бұл күннің әр азамат үшін тағдырлы маңызы бар екенін атап өтті. 1991 жылғы 16 желтоқсан - Егемен Қазақстан Республикасының туған күні. Бүгінде бүкіл ел ортақ жетістіктерімен мақтан етеді. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы және құрметті мүшесі ретінде орнықты. Таяу уақытта болатын Конституциялық Кеңестің Конституциялық Сотқа айналуы Қазақстанның конституциялық бақылау органының дамуындағы жаңа кезең,- деп атап өтті спикер.
Мемлекеттік мереке қарсаңында Аппараттың кейбір қызметкерлері «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.