Жыл сайынғы цивилистік оқулар өтті

Жыл сайынғы цивилистік оқулар өтті

Каспий университетінің Жеке құқық ҒЗИ, GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы және Қазақстандық халықаралық арбитраж ұйымдастырған "Заң мен шартты қолдану және түсіндіру" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Ә. Мәми қатысушыларға құттықтау сөзінде «Заңды түсіндіру - бұл құқық қолдану процесінің қажетті элементі. Негізгі Заң Конституциялық Кеңеске Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру құқығын береді. Осы конференция көптеген өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға және бар проблемаларды шешу жолдарын әзірлеуге мүмкіндік береді", деп атап өтті.

Конференцияға қатысушылар азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдану мәселелерін, сондай-ақ заңнаманы түсіндірудің жалпы теориялық мәселелерін және т. б. талқылады.