Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң жобасының таныстырылымы өтті

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң жобасының таныстырылымы  өтті

Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов, Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі М.  Бадалиев, Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Б.  Райысова және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н. Тасболатов Парламент Мәжілісінде онлайн режимде өткен Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдары мен заң жобаларын, соның ішінде «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң жобасын, таныстыруға қатысты.

Әділет Вице-министрі А. Мұқанова және Бас Прокурордың орынбасары Ә.  Шындалиев баяндама жасады. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысты.