ТМД Байқаушылар миссиясының басшысымен кездесу өтті

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми республикалық референдумда ТМД-дан Байқаушылар миссиясының басшысы - ТМД Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары - Атқарушы хатшысы Л.В. Анфимов мырзамен кездесу өткізді.
Қ.Мәми сұхбаттасушыны еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ республикалық референдум өткізу процесіндегі Конституциялық Кеңестің құзыреті жайлы хабардар етті.
Өз кезегінде Л.В.Анфимов Миссия жұмысының міндеттері мен қағидаттары туралы айтып берді.
Тараптар референдумның мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешудің демократиялық әдістерінің бірі екенін атап өтті.