Мемлекет басшысының шешімімен 2022 жылғы 10 қаңтар - Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Конституциялық Кеңес ұжымы террористік актілер нәтижесінде қаза болғандардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.