АРХИВШІ КҮНІ

22 желтоқсанда кәсіби мереке – Архивші күні атап өтіледі.
Конституциялық Кеңестің ведомстволық Архиві 20 жыл бойы Қазақстан Республикасы Президентінің архивімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Конституциялық Кеңестің құжаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын құраушылардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және архив ісі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Конституциялық Кеңес Аппаратының бас консультанты Гүлмира Жұмаханова Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының Алғыс хатымен марапатталды.