«ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2021 жылғы 9 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі Р. Мұқашев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Егемен және Елбасы» фотокөрмесі мен «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесеріне қатысты.
Іс - шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы кітапханасы «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Мерейлік жиынға отандық саяси, іскерлік және ғылыми элита өкілдері, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары қатысты.