АДВОКАТУРАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 19 қарашада Конституциялық Кеңестің мүшесі У.Шапак «Адвокатураны дамыту стратегиясы» тақырыбына арналған VI Қазақстандық адвокаттар форумына онлайн режимінде қатысты.
Аталған іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Республикалық адвокаттар алқасы мен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Іс-шара барысында адвокаттық қоғамдастықты дамыту мен нығайтудың халықаралық тәжірибесіне, адвокаттың кәсіби қызметіндегі тәуелсіздік кепілдіктеріне, заң көмегін көрсету сапасына және адвокаттық қызметтерді цифрландыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, академиялық топтардың, адвокатураның, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.