2018 ЖЫЛҒЫ 28 ТАМЫЗДА НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ КЕШЕНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «КОНСТИТУЦИЯ: ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ЗАМАНАУИ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

2018 ЖЫЛҒЫ 28 ТАМЫЗДА НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ КЕШЕНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «КОНСТИТУЦИЯ: ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ЗАМАНАУИ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

2018 жылғы 28 тамызда Назарбаев Орталығы кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция: құқық үстемдігінің азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.
Форумды Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен, Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиямен (Венеция комиссиясы), Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисімен және еліміздің озық университеттерімен бірлесе отырып өткізеді.
Оның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың, конституциялық бақылау органдарының өкілдері және жиырмадан астам танымал құқықтанушы ғалымдар қатысады.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми конференцияны ашқан кезде Қазақстан Конституциясы осы жылдары өзінің жоғары тиімділігін көрсетті, татулықты, келісім мен елдің үдемелі дамуын, қазақстандықтардың 
әл-ауқатының артуын, болашаққа ұмтылған мемлекетке қатысты сенім мен құрметтің өсуін қамтамасыз етті, деп атап өтті.
Пленарлық отырысқа Республиканың Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының құттықтау сөзін конференция қатысушыларына жария етті.
Кейбір шетелдік делегациялардың басшылары құттықтау сөздерін айтты. 
Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның Бас хатшысы Шнутц Рудольф Дюрр мырза Астанада жыл сайын өтетін конституционалисттер конференцияларының тәжірибе және жаңа идеялар алмасу үшін маңызды форум болғанына назар аударды. Венеция комиссиясы Қазақстанда 2017 жылы жүргізілген конституциялық реформаны қолдайды. Өткен жылы Қазақстанның Конституциялық Кеңесі өзіне өте маңызды рөл - Жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау органдары конференциясына төрағалық етуді алды, деп қорытындылады  
Болгария Конституциялық Сотының Төрағасы Борис Велчев мырзаның пікірі бойынша, Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы әлемдік конституционализмнің ежелгі стандарттарына негізделген және заманауи әрі тұрақты мемлекеттің құқықтық іргетасын қалаған. Қазақстанның Негізгі Заңы өткен кезеңнің сын-қатерлеріне төтеп беріп, қазақстандық қоғамның өзгермелі қажеттіліктеріне сәтті бейімделуде. 2017 жылы табысты жүзеге асырылған Конституцияның ревизиясы билік тармақтарының бөлінуі қағидаты шеңберінде кез келген демократиялық басқарудың міндетті және негізгі құрамбөлігі болып табылатын тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің жақсаруына ықпал етеді. 
Латвия Конституциялық Сотының Төрайымы Инета Зиемеле ханым Қазақстан халқы 1995 жылы жаңа Конституцияға заманауи Республика туралы ұсыныстар енгізгенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі күні елдің жоғары заңы ретіндегі Конституцияның субъектілердің жүріс-тұрысы мен қоғамда жаңа дәстүрлердің дамуына қалайша әсер еткенін бағалауға болады.
Алжир Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Мурад Меделчи мырза ЮНЕСКО «әлем қаласы» атағын берген Қазақстанның әдемі елордасы - Астанада болу ол үшін зор құрмет әрі шынайы ғанибет, деп айтты. Оның пікірінше, қоғамдағы татулық, келісім және тұрақтылық конституциялық құндылық болып табылады. Конституциялық әділет органдары елдеріміздегі әлеуметтік бірлікті сақтау үшін елеулі үлес қосады.  
Негізгі Заң Күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Атқарушы директорының орынбасары И.И. Рогов Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа Түсіндірмесімен таныстырды. 
Оны осы жылы Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен және Әділет министрлігімен бірлесе отырып, Рухани Жаңғыру ұлттық жобасы шеңберінде басып шығарды. Онда 2017 жылғы конституциялық реформаның нәтижелері мен елдің жаңартылған заңнамасы ескерілген Негізгі Заңның ережелеріне толық түсіндірме беріледі. Алғаш рет Конституцияның түсіндірмесін әзірлеуге қазақстандық авторлармен қатар, танымал шетелдік конституционалисттер де қатысты.
Бұдан әрі бағдарлама бойынша Конституциялық Кеңес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және басқа да тең ұйымдастырушылар өткізген конституциялық құндылықтарды іске асыру мәселелері бойынша конкурс жеңімпаздарын марапаттау өтті.
Іс-шаралар қазақстандық жас ұрпақ арасында кәсіби заңгерлерді дайындау деңгейін, олардың конституциялық-құқықтық ойлау қабілеті мен мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді. 
«Үздік жас заңгер – 2018» конкурсының қазылар алқасы мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды айқындады: «Заң ғылымына қосқан үлесі үшін» - Ж.Б. Ақшатаева, Р.С. Мәжитов және М.Х. Хасенов; «Заң шығармашылық қызметіне қатысқаны үшін» - Ф.Р. Ахмеджанов, С.К. Мектепбаева және А.А. Наурызова; «Құқықтық білім беру және ағарту» - Т.И. Ау, М.М. Дәуленов және А.Г. Кан. 
Барлық номинациялар бойынша бірінші орынның иегерлеріне «Үздік жас заңгер – 2018» атағы беріліп, дипломдар мен бір миллион теңге көлемінде сыйлықақы берілді.
Мынадай номинациялар бойынша: «Конституция әрекет етуінің тиімділігі және оны арттыру жолдары» - Д.Н. Шералиев; «Республиканың Президенті - Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі» - К.С. Жентрова; Қазақстан Республикасының Конституциясы және халықаралық құқық: жалпы жұрт таныған қазынаны сіңіру және ұлттық мүддені қорғау» - А.Ш. Жайылқанова; «Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық – конституциялық құндылықтың мазмұны және оны қамтамасыз ету құралдары» - В.В. Гюнтер; «Қазақстандық патриотизм – конституциялық құндылықтың мазмұны және оны қамтамасыз ету құралдары» - Т.Ө. Өтепқалиева марапатталды.
Конференция барысында Конституциялық Кеңестің Төрағасы республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ, оның ішінде Интернет-БАҚ журналисттерінің арасында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамның конституциялық құндылықтарын арттыру мәселелері бойынша конкурстың өткізілгенін мәлімдеді. Конкурс тақырыбы – «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамды тиімді жаңғыртудың негізі». Конкурстың мақсаты Қазақстан Республикасы Конституциясының жасампаздық әлеуетін, оның мемлекеттілікті орнату мен нығайтудағы, тұрмыс-тіршіліктің негізгі салаларын жаңғыртудағы рөлін насихаттау, Рухани Жаңғыру ұлттық жобасы шеңберінде қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру болып табылады.
Бағдарламаға сәйкес күннің екінші жартысында Конституцияның азаматтық қоғам институттарын дамыту мен адам құқықтарын қорғаудағы рөлі мәселелеріне арналған пленарлық сессияларда баяндамалар жасау көзделген. 
29 тамызда конференция өз жұмысын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен КАЗГЮУ Университетінде жалғастырады.