НҰР-СҰЛТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

НҰР-СҰЛТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2020 жылғы 28 тамызда Конституциялық Кеңестің мүшесі Р. Ж. Мұқашев Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған "Негізгі Заң: «Жеті жарғыдан» Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына дейін» атты тақырыптағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараны Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі және «Арнау» даму орталығы» ҚҰ ұйымдастырды. Конституциялық Кеңес мүшесі Р.Мұқашев «ҚР Конституциясы: даму эволюциясы» тақырыбында баяндама жасады, онда еліміздің Негізгі Заңы бұрынғысынша егемен Қазақстанның өркендеуінің басты шарты болып қала беретінін және Конституцияны қатаң ұстану-кез келген мемлекеттің табысты дамуының, қазіргі заманның жаңа сын - тегеуріндеріне жауаптардың тиімділігінің, азаматтық келісімнің және қоғамдағы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығының негізі болып табылатынын атап өтті. Форумның жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ басшылары, саясаттанушылар, жастар белсенділері, магистранттар, студенттер қатысты.