Қ. МӘМИ МАРК БИИР МЫРЗАМЕН КЕЗДЕСТІ

2020 жылғы 2 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Дубай Халықаралық қаржы орталығының дауларды шешу жөніндегі органының бас атқарушы директоры Марк Биир мырзамен кездесу өткізді.
Қ. Мәми Биир мырзаның тиімді ынтымақтастығы мен еліміздің сот жүйесін жаңғыртуға, «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқығын және озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, дауларды шешу тетіктерін дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Кездесу барысында Конституциялық Кеңестің Төрағасы мейманды қазақстандық конституциялық бақылау органының қызметімен, сондай-ақ Республика Президентінің Қазақстанның құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалау саласындағы алға қойған міндеттерімен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қ. Мәми конституционализм қағидаттарын бекітуге, мемлекеттер арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін Марк Биир мырзаға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен марапатталған мемлекеттік награда - II дәрежелі "Достық"орденін табыс етті.
Өз кезегінде Биир мырза мемлекеттік награда үшін алғыс айтып, ынтымақтастықтың келешегіне сенім білдірді.