ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2020 жылғы 22 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі А. Дауылбаев «Қазақстанда құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғыртудың өзекті мәселелері» атты тақырыптағы онлайн халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.
Аталған форумды Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен, Қазақстанның криминология қауымдастығы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сорбонна-Қазақстан институты, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» Ұлттық еріктілер қозғалысы және Халықаралық Заңгерлер одағы Сорбонна-Қазақстан институтының тұғырнамасында ұйымдастырды.
Форумға қатысушыларға Президенттің Көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Жоғарғы Сот төрағасы, Бас Прокурор, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Ішкі істер министрі, Әділет министрі, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры және басқалар құттықтау сөздерін сөйледі.
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, азаматтық қоғам мен ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.