ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы және Отан қорғаушылар күні қарсаңында Конституциялық Кеңесте ардагерлерге құрмет көрсетіліп, қаза тапқан батырлар еске алынды.
Конституциялық Кеңестің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Елена Никитична Балкарованы құттықтады.
Елена Балкарова соғысқа 18 жасында шақырылып, автомобиль полкінің құрамында болған. Жас болғанына қарамастан, майданда автомобиль жүргізушісі болған. Ұйқысыз түндерді, ұзақ жолдарды, соғыс кезіндегі барлық қиыншылықтарды өз басынан кешірген. Ол Украина, Беларусь, Чехословакия және Польшаны азат етуге қатысқан. I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, «За Победу над Германией», «За освобождение Белоруссии» медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Конституциялық Кеңестің ұжымы бізге бейбіт өмір сыйлаған батырларымыздың ұмытылмас патриотизмі мен батылдығының алдында тағы да тағзым етті. Біз әрқашан бейбітшілік дәстүрін, заңдылық мәдениетін және адамгершілікті құрметтеуіміз керек, деп есептейді Кеңесте.