Қазақстандағы конституциялық реформа: Еуропаның құқықтық институттарымен диалог

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты шетелдік әріптестерін конституциялық реформаның негізгі ережелерімен және Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұлттық моделінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, елдің конституциялық дамуы мәселелері бойынша халықаралық диалогты жалғастыруда. Мұндай іс-шаралар шетелдік құқықтық институттармен кәсіби байланыстарды нығайтуға ғана емес, сонымен қатар құқықтық және қоғамдық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын конституциялық қағидаттар мен құндылықтарды ілгерілетуге де ықпал етеді.
2026 жылғы 10-14 қазан аралығында Конституциялық Соттың судьясы Аслан Түкиевтің Италия Конституциялық Сотына, сондай-ақ әкімшілік сот төрелігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар – Италияның Мемлекеттік кеңесі мен Грекияның Мемлекеттік кеңесіне жұмыс сапары өтті.
Сапар жария құқық саласындағы білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары, мамандар даярлау және халықаралық құқықтық тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ құқық үстемдігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға және демократиялық институттарды жетілдіруге маманданған халықаралық ұйым – Еуропалық жария құқық ұйымының (EPLO) қолдауымен ұйымдастырылды.
Сапар барысында Аслан Түкиев Грекия Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Михаил Пикраменоспен, Италия Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Луиджи Маруоттимен, сондай-ақ Италия Конституциялық Сотының судьяларымен кездесті.