Конституциялық Соттың судьясы жас қазақстандықтарға алғашқы жеке куәліктерін табыстады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Айгүл Қыдырбаева Астана қаласы Нұра ауданының ХҚКО-на барып, ішкі істер министрлігінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдерімен бірлесіп 16 жасқа толған балаларға алғашқы жеке куәліктерін табыстады.
Азаматтың жеке басын куәландыратын алғашқы құжатын судьяның қолынан 7 жасөспірім алды.
Айгүл Қыдырбаева алғашқы жеке куәлікті алу әрбір адам үшін маңызды оқиға болып табылатынын, ол жетілудің жаңа сатысына өтуді және қоғам мен мемлекеттегі өз рөлін түсінуді білдіреді. Судья жасөспірімдерді Қазақстан Республикасы Конституциясының келе жатқан 30 жылдығымен құттықтап, оларға оқуда табыс, өз күштеріне сенімділік және белсенді азаматтық ұстаным тіледі.
Жас қазақстандықтарға құжаттарды салтанатты түрде тапсыру Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджі шеңберінде өтті.