47-бап. Конституциялық Сот Аппаратының өтініштерді алдын ала қарауы
- Өтініштердің Конституциялық Соттың құзыретіне, тиісті субъект, нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкестігін сырттай (формальды) тұрғыдан тексеру мақсатында оларды алдын ала қарауды осы Конституциялық заңға және Конституциялық Соттың Регламентіне сәйкес Конституциялық Соттың Аппараты қамтамасыз етеді.
- Егер анықталған сәйкессіздік анық (айқын) болса және жеке талдауды және (немесе) сараптаманы талап етпесе, өтініш қайтарылуға тиіс. Өтініш Конституциялық Сот Аппаратының хабарламасы негізінде мынадай негіздер бойынша:
1) өтініштің нысанасы Конституциялық Соттың құзыретіне анық кірмейтін болса;
2) өтініш нысаны мен мазмұны бойынша осы Конституциялық заңда белгіленген талаптарға анық сәйкес келмесе;
3) өтініш анық тиісті субъектіден туындамаса;
4) алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
5) өтінішті беру шарттары анық сақталмаған болса, қайтарылады.
- Алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
- Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кемшіліктер жойылғаннан кейін азамат Конституциялық Сотқа өтінішті қайта жіберуге құқылы. Бұл ретте Конституциялық Сотқа түзетілген өтініш Конституциялық Сот Аппаратының хабарламасын алғаннан кейін бір ай ішінде берілген жағдайда, осы Конституциялық заңның 45-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімді есептеу мақсатында өтініш бастапқы өтініш берілген күні берілді деп есептеледі.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.