Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Теміржол көлігі және порттар салаларындағы реттеу басқармасының басшысы (1 бірлік, санаты С-3, негізгі қызметкердің 2023 жылғы 25 қаңтарға дейін жүктіліктік және босануға байланысты демалысы кезеңінде)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын үйлестіру; теміржол көлігі және порттар саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау, нормативтік құқықтық актілерді дайындау және түсіндіру. Теміржол көлігі және порттар саласындағы субъектілердің қызметін реттеу мен бақылау бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, теміржол көлігі және порттар саласындағы субъектілердің қызметін реттеуге қатысты түсіндірулер дайындау, Комитет басшылығын Басқарма құзыретіне мәселелер бойынша ақпараттық қамтамасыз ету. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуын бақылау; талап қоюжұмысына, әкімшілік практикасына және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану практикасына жинақтау жүргізу; тиісті материалдар дайындау және сот процестеріне қатысу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; Комитеттің басқа бөлімшелермен Басқарма жұмысын үйлестіру; табиғи монополиялар туралы заңнамаға түсіндіру беруге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.11.2022 – 04.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.11.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс 11, 650 - каб.

Анықтама алу үшін байланыс

74-26-08