Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы (1 бірлік, санаты С-4)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогика және психология
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Министрліктің әкімшілік реформа шеңберіндегі кадр саясатын іске асыру; Комитеттің бос мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына орналасуына конкурстар өткізуді дайындауға және ұйымдастыруға қатысу; кадрлар бойынша статистикалық есептер жасау; кадр мәселелері бойынша талдамалық анықтамалар дайындау; мемлекеттік қызметшілердің кадр резервімен және біліктілігін арттыру жұмысын қамтамасыз ету; Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Комитетте жұмыс істейтін әскери міндетті және әскерге шақырылғандардың әскери есебін жүргізу; жеке құрам, негізгі қызмет бойынша, іссапарлар бойынша, демалыс бойынша бұйрықтарды жасау; мемлекеттік қызметшілерді марапаттау және көтермелеу бойынша материалдар дайындау; жеке құрам бойынша еңбек шарттары мен құжаттарды ресімдеу; мемлекеттік қызметшілердің кірістері туралы декларацияны уақтылы тапсыру жұмысын жүргізу; Комитет қызметкерлерінің еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссияның отырыстарын өткізуді ұйымдастыру; Өз құзыреті шегінде тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің әдебін бақылау; Комитетте және аумақтық бөлімшелерде кадрлық іс жүргізудің дұрыс жүргізілуін және еңбек және атқарушылық тәртіпті бақылау; Басқарма басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 08.11.2022
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс , 650 - каб.
-
74-26-08