Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы (С-4 санат, 2 бірлік).
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Қаржы
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).
Функционалды міндеттер
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат дайындау; есепті кезең (тоқсан, жарты жылдық, жыл) үшін бөлім қызметінің қорытындысы бойынша есептер жасау; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініштерін қарау; Министрліктермен, ведомстволармен және басқа мемлекеттік органдармен Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімдерді қарау; электр энергетикасы саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімдерді қарау; тарифтік сметалардың орындалуы және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы есептерді қарау; тұжырымдамалар, бағдарламалар, болжамдар мен іс-шаралар бөлімдері жобалары бойынша ұсыныстар дайындау - басшылықты қамтамасыз ету және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтер жобалары және олардың шекті деңгейлерін қарауға және ұсыныстар дайындауға тікелей қатысу; табиғи монополист кәсіпорындарға қатысты баға белгілеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; табиғи монополиялар субъектілерін реттеу мәселелері бойынша талдамалық жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік және уақытша төмендету тарифтерін белгілеу бойынша ұсыныстар дайындау; кіріс хат-хабарлар мен ұсыныстарға хабарламалар, ақпарат, жауаптар жобаларын дайындау; аумақтық органдарға электр энергетикасы саласындағы реттеу мәселелері бойынша түсіндірулер дайындау, басшылықты ақпараттық қамтамасыз ету; табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу және белгілеу мәселелері бойынша жобаларды қарау бойынша жария тыңдауларды дайындау және өткізу; табиғи монополиялар субъектілерін реттеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара іс-қимыл жасау; кіріс хат - хабарлар мен ұсыныстарға хабарламалар, ақпарат, жауаптар жобаларын дайындауды ұйымдастыру; электр энергиясын беру және (немесе) желіге беруді техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi көрсетілетін қызметтерге тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.03.2020
- г. Нур-Султан, Мәңгілік ел 8, подъезд 11, каб. 650. Тел 8(7172) 74-26-52
-
8(7172) 74-26-52