Заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
Шымкент қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Мұнай газ ісі
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Теңіз техникасы мен технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Бағалау
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
Қосымша талаптар
Сонымен қатар, "жылу электр желілері", жылу газбен қамтамасыз ету және вентиляция", " гидромелиорация" мамандығы бойынша дипломы бар кандидаттар конкурсқа қатыса алады.
Функционалды міндеттер
аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік реттеу және бақылау; Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімін қалыптастыру және жүргізу; тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеуге қатысу; табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуге қатысу; реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарын әзірлеуге қатысу; табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама қабылдау; тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу; табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізу; мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобасын келісу, оларға тарифті қалыптастыру бөлігінде өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу; реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеуге қатысу; тарифтер тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін әзірлеуге қатысу; табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп кемінде айына бір рет тұтынушыларды қабылдауды жүргізу; энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; ріптестікті шартының, концесссия шартының негізінде тарифті айқындау; табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерін сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау; Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау; қосалқы (шунттаушы) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау мен салуды, меншік нысанына қарамастан электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісуге қатысу; тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектілері белгілеген техникалық талаптарды сақтауын талап ету; қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне Кодексте міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті енгізу; қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі ұйғарымды орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін ұйғарымда көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсыну; өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ сотқа қатысу; табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын әзірлеуге қатысу; Кодексте белгіленген тәртіппен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды төмендету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы өтініш жасау; өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу; Комитеттің құзыреті шегінде, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау; реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және орындауға қатысу;өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету; тексеру парақтарын әзірлеуге қатысу; табиғи монополиялар субъектілерінің, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері және оның тұтынушыларының өтініштерін қарау; «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнім арқылы шығындары монополиялар субъектілерінің, мемлекеттік монополия субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарықтардың қызметтеріне бағаларды қалыптастыру кезінде ескерілетін сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің тізбесі бойынша барлық ақпаратты қабылдауды, беруді, сақтауды автоматтандыру, сондай-ақ ашықтықты және қол жетімділікті қамтамасыз ету»; Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру; басшылық тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.09.2022
- Департамент Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан по городу Шымкент, (160000,г. Шымкент, ул. Диваева, 148, 2 этаж кабинет № 9
-
анықтамалар үшін телефон 8 (7252) 32 15 05, 87057816892