Заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
Шымкент қаласы
268345
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Көлік қызметтері
- Математика
- Кәсіптік оқыту
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Ядролық физика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Мұнай газ ісі
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Теңіз техникасы мен технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қызмет көрсету (білім саласы)
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Департамент қызметінде заңдылықты сақталуын қамтамасыз ету, Департаменттің бақылау-талап жұмыстары, әкімшілік тәжірибесін жүргізуді қамтамасыз ету, табиғи монополия субъектілері мен мемлекеттік органдарымен табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақталуын бақылау, заңнаманың бұзылғанын айқындау фактілері туралы құқықтық актілерінің жобаларын дайындау, табиғи монополиялар туралы заңнаманы әзірлеу мен іске асыру жөнінде іс-шараларда қатысу, құқықтық мәселелер жайында және табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақталуын бақылау мәселелер бойынша Департамент атынан соттарда және басқада мекемелерде өкілдік жасау, табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері қызметіне тексеру жүргізу, табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілеріне кеңес беру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құру.
Департамент басшылығының қарауына табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу бойынша шешімдердің жобаларын ұсыну, лицензиялау және табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуы туралы, табиғи монополия субъектілерінің және басқа да шаруашылық субъектілерінің қызметтеріне табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес тексеріс жүргізу. Табиғи монополия субъектілеріне рұқсат беруші құжаттарды беруді жүзеге асыру.
Департамент көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы көрсетілуіне бақылау.
Бөлім мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін (өтінімдерін, шағымдарын) заңмен бекітілген мерзімдерге сай қарау және жауаптарды дайындау. Табиғи монополия туралы ҚР Заңыныңда көрсетілген Мемлекеттік қызметтер көрсету.
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тексеру субъектілері мен объектілердің бірыңғай тізім» және «ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әкімшілік құқық бұзушылық есебі» қорын жүргізуін бақылау.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру. Іс жүргізуді Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тіл және ресми тілде жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.04.2022
- Шымкент қаласы, Диваев көшесі, 148, 2 қабат, № 9 кабинет
-
8 (7252) 32 15 05,
8 (778) 858-35-15