Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімнің бас маманы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Мұнай газ ісі
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы

Қосымша талаптар

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Функционалды міндеттер

Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын ) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларын, сондай-ақ салыстырмалы талдау әдісін қолданумен, сараланған және инвестициялық тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітуге берген өтінімдерін қарау. Табиғи монополиялар салаларын табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді(тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттеліп көрсетілетінге жатқызу мәніне талдау. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізу, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша дәлелді қорытынды дайындайды. Реттелетін нарық субъектілерінің бағаларына мониторинг жүргізу. Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін ақы мөлшерін қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындауы бойынша, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларында ескерілген, инвестициялық бағдарламалардың және (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу. Су шаруашылығы жүйелері салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негіздеген шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындау. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарына қайта бағалауды жүргізуін қарау. Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтік сметалардың орындалуына бақылау жүргізу. Табиғи монополиялар субъектілерінің есепке алу саясатын қарау. Табиғи монополиялар субъектісінің, өңірлік электр желісі компанияларын қоспағанда, персоналаның нормативтік санын қарау. Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын және олармен аффилирленген табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестелерін, әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің, өнірлік электр желісі компанияларын қоспағанда, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқада жөндеу – қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындарының жылдық сметасын қарау. Жылыту, электр, газ тарату желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарын қарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта рәсімдеу үшін берілген құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен қарау. Лицензиялардың және лицензияға қосымшалардың тізімін өз құзыретінің шегінде жүргізу. Берілген лицензияларға және (немесе) лицензияға қосымшаларға өз құзыретінің шегінде мониторинг жүргізу. Декпартаменттің жұмыс жоспарын құру жұмысына қатысу. Бөлім құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы – шаруашылық қызметін тексеруге қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде қарау. Табиғи монополиялар субъектілернің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берген өтінімдерін қараған кезде жария тыңдауларға тиісті материалдар дайындау. Сот процестеріне тиісті материалдар дайындау және қатысу. Бөлім функциясына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасынан туындайтын өзге де міндеттер.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2021 – 15.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 А үй, кабинет 11

Анықтама алу үшін байланыс

8(727)271-66-39