ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Ұйымдастырушылық жұмыс бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Департаменттің Ережесіне және бөлiм туралы Ережелерге, Департаменттің жұмыс тәртібіне сәйкес жұмысын ұйымдастырады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша; мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу бойынша; Департаменттің мұрағат ісін жүргізу бойынша; істер номенклатурасын құру бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын сақталуын бақылау. Іс қағаздардың жүргізілуін бақылау. Депратаменттің біртұтас құжаттамалық тәртібін құру. «Кадрларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі» бағдарламасында жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік және еңбек тәртібін күшейту бойынша шаралар әзірлеу. Еңбек шарттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды рәсімдеу. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің табыстары туралы декларацияларын уақытылы тапсыруы бойынша жұмыс жүргізу. Жеке құрам, демалыстар, іссапарлар туралы бұйрықтарың рәсімделуін жүзеге асыру. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін хабарландыру және конкурстық құжаттарды дайындау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурсты ұйымдастыру жұмысына қатысу. Жұмыс уақатына табельдік есеп жүргізу. Қызметшілер демалыстарының кестелерін дайындау жұмысын ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау. Тиісті мемлекеттік органдарға мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға үміткер азаматтардың арнайы тексерісі туралы сауалдарды жолдау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға біліктілік талаптарын әзірлеу. Әскери есептеудің жүргізілуін  жүзеге асыру. Тәртіптік комиссия жұмысын жүргізу. Департамент жанындағы Сарапшылар кеңесінің жұмысын уйлестіру. Бөлiм функциясына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге катысу.  Департаменттiн жұмыс жоспарын құру жұмысына қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасынан  туындайтын өзге де міндеттер.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.06.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.06.2021 – 08.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 А үй, кабинет 11

Анықтама алу үшін байланыс

8(727)271-66-39