Қаазқстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік, С-4 санаты, негізгі қызметкердің 2022 жылғы 4 қазанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Бағалау
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу мәселелері бойынша есептерді және есепті кезең үшін (тоқсан, жарты жыл, жыл) Басқарма қызметінің қорытындысы бойынша есептерді ұсынуға; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өтініштерін қарауға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктермен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға қатысу; Басқарма құзыреті шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу: реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаларды, тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге, инвестициялық бағдарламаларды бекітуге, тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге өтінімдерді қарау, тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін), тарифтердің шекті деңгейлерін өзгертуге өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар ұйымдастыру;сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы жөнінде есептерін талдауды жүзеге асыру; сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекенттік тарифтік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау және іске асыруға қатысу; нормативтік құқықтық актілерге түсіндрулер дайындауға қатысу; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.05.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2021 – 24.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.05.2021

Сұхбаттасу орны

ZOOM бейне конференция байланысы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

74-26-08