ҚР ҰЭМ ТМРК Түркістан облысы бойынша департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау және талап арызы жұмысы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Мұнай газ ісі
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Теңіз техникасы мен технологиялар
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика

Функционалды міндеттер

Бөлімге жалпы басшылық етеді, бөлімнің  жұмыс жоспарын құрады және бөлім жұмысын ұйымдастырады; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ Департаменттің жанындағы консультативтік-кеңесші қызметті ұйымдастыруға қатысу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдау және нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндіру ұсыну; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нұсқамалар енгізу; өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау; өз құзыреті шегінде сотқа жүгіну және талап-арыздар беру, оның ішінде бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау; өз құзыретін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты   шегінде сұрату және алу; табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімін қалыптастыру және жүргізу; мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдаларын, концессиялық ұсыныстарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының жобаларын,  оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тарифтерін (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу; табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау; магистральдық темір жол желілерінің операторы магистральдық және станциялық жолдармен кірме жолдарды жалғастырудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау; реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге қатысу; реттеушi органдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң анықталған Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу белгiлерi туралы хабарлау және ақпарат немесе материалдар беру; ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеу; тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; өкілеттігі шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Департаменттің құқық мәселелерін қамтамасыз ету, сот органдарында Департаменттің мүдделерін қорғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, рәсімдеу; Табиғи монополия субъектілердің тексерулеріне қатысу, табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзушылықтары бойынша шара қолдану  туралы  шешімдердің жобаларын дайындау; бөлім мамандарының жұмысын бағыттау; бөлімнің жұмысы туралы ақпаратты, есепті дайындау және басшылықтың тапсырмаларын орындау.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.04.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.04.2021 – 29.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.05.2021

Сұхбаттасу орны

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 160 квартал, 254 құрылыс

Анықтама алу үшін байланыс

8 702 845 64 90