Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Мұнай газ ісі
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің жалпы конкурсына қатысу үшін.
Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, сондай-ақ адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, электрондық почта мекенжайына электронды түрде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде онлайн режимінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің интернет-ресурсында Алматы бөлімінде, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама
Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.
Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.
Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.
Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3) тармақшаcында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________________
e-maіl: ________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
_________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
Форма |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
_____________________________________________ |
ФОТО |
|
||||
|
_____________________________________________ |
|
|||||
|
_____________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
|
|||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
|
|||||
|
Туғанкүніжәнежері/ |
||||||
|
Ұлты (қалауыбойынша)/ |
||||||
|
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
||||||
|
Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/ |
||||||
|
Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) / |
||||||
|
Шетелтілдерінбілуі/ |
||||||
|
Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) / |
||||||
|
Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) / |
||||||
|
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
||||||
|
Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/ |
||||||
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|
|||||
|
Күні/Дата |
Қызметі*, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/ должность*, место работы, местонахождение организации |
|
||||
|
қабылданған/ |
босатылған/ |
|
||||
|
|
||||||
|
_____________________ |
_______________ күні / дата |
|
||||
* Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе
Функционалды міндеттер
Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларын, сондай-ақ салыстырмалы талдау әдісін қолданумен, сараланған және инвестициялық тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітуге берген өтінімідерін қарау. Табиғи монополиялар салаларын табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттеліп көрсетілетінге жатқызу мәніне талдау. Реттелетiн нарықтардағы бағаны белгiлеу тәртiбiне сәйкес бағаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша дәлелді қорытынды дайындайды. Реттелетін нарық субъектілерінің бағаларына мониторинг жүргізу. Реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер үшiн ақы мөлшерiн қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындауы бойынша, сондай – ақ реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларында ескерілген, инвестициялық бағдарламалардың және (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу. Су шаруашылығы жүйелерi салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiздеген шамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындау. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарына қайта бағалауды жүргізуін қарау. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтік сметалардың орындалуына бақылау жүргізу. Табиғи монополиялар субъектілерінің есепке алу саясатын қарау. Табиғи монополиялар субъектісінің, өңiрлiк электр желiсi компанияларын қоспағанда, персоналының нормативтік санын қарау. Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын және олармен аффилирленген табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестелерін, әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің, өңiрлiк электр желiсi компанияларын қоспағанда, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу – қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындарының жылдық сметасын қарау. Жылыту, электр, газ тарату желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарын қарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта рәсімдеу үшін берілген құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен қарау. Лицензиялардың және лицензияға қосымшалардың тізімін өз құзыретінің шегінде жүргізу. Берілген лицензияларға және (немесе) лицензияға қосымшаларға өз құзыретінің шегінде мониторинг жүргізу. Департаменттің жұмыс жоспарын құру жұмысына қатысу. Бөлім құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы – шаруашылық қызметін тексеруге қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берген өтінімдерін қараған кезде жария тыңдауларға тиісті материалдар дайындау. Сот процестеріне тиісті материалдар дайындау және қатысу. Бөлім функциясына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасынан туындайтын өзге де міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, үй 74А
-
8 (727) 272-11-49