Әдіснама басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Машина жасау
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің табиғи монополиялар туралы заңнаманы қолдану практикасын жинақтайтын ұсыныстарының негізінде әдіснама мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; Комитетке келісуге келіп түсетін, өзге мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын қарауға Басқарма құзыреті шегінде қатысу; Басқарма құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мониторинг жүргізу; Басқарма құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу; Комитет басшылығына ұсыну үшін Басқарма құзыреті шегінде ақпараттық материалдар дайындау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау, қарау және түсіндіру мәселелері бойынша жұмысты бақылау және ұйымдастыру; Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мен кемсітпейтін әдістемелерді әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу; Комитет басшылығын әдіснама мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету. Әдіснаманы жүйелендіру бойынша жұмысты ретке келтіру. Басқарманың жұмыс жоспарларын әзірлеуге, нормативтік құқықтық актілерге түсіндірулер дайындауға қатысу, кемсітпейтін әдістемелер әзірлеу, басқа мемлекеттік органдар келісуге ұсынған нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын қарау, оларды әзірлеуге қатысу мәселелері бойынша жұмысты бақылау және ұйымдастыру. Әдіснама мәселелері бойынша есептер дайындауға қатысу; әдіснаманы жүйелендіру бойынша жұмысты ретке келтіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.08.2020
- г. Нур-Султан, Мәңгілік ел 8, подъезд 11, каб. 650. Тел 8(7172) 74-26-52
-
8(7172) 74-26-52, сот. тел. 87751433128